Компания туралы
Субъектілер
Кредиттік есептерді алушыларға
Ақпарат жеткізушілерге
Байланыстар
Сатып алулар

Компания туралы

«Мемлекеттік кредиттік бюро» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – МКБ) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 04 шілдедегі ««Мемлекеттік кредиттік бюро» акционерлік қоғамын құруды мақұлдау туралы» №213 Қаулысының негізінде шығарылған бірден-бір құрылтайшының 2012 жылғы 07 тамыздағы №1 шешімімен құрылды.

  МКБ – дауыс беретін акцияларының 100 %-ы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі мамандандырылған коммерциялық емес ұйым болып табылады. Заңнама келесі ақпарат жеткізушілер үшін МКБ-мен міндетті түрде ақпарат беру туралы шарттар жасасуды көздейді: екінші деңгейдегі банктер, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдар, шағын кредиттік ұйымдар, жеке кәсіпкерлер немесе тауарлары мен қызметтерін кредитке іске асыратын не болмаса жүйелендірілген белгілері Қазақстан Республикасының Үкіметінде айқындалатын, төлемдердің мерзімін ұзартуды ұсынатын заңды тұлғалар. Аталмыш нормаларды сақтау – МКБ-ға кредиттік тарихтың эталонды деректер базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Кредиттік бюро қызметінің негізгі түрлері кредиттік тарихты қалыптастыру мен кредиттік есептер беру болып табылады.

Кредиттік бюроның қосымша түрлеріне мыналар жатады:
  • кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушылардың қызметiн автоматтандыруға пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық жасақтаманы іске асыру;
  • кредиттiк бюроның қызметiне қатысты арнаулы әдебиеттi және өзге де ақпараттық материалдарды іске асыру;
  • кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушыларды ақпаратпен қамтамасыз етуге байланысты консультациялық қызметтер көрсету;
  • кредиттік тарих субъектiлерiнің кредит төлеу қабілетiнің өздері әзiрлеген әдiстеменің негiзiнде жүзеге асырылатын бағасы;
  • маркетингтік және статистикалық зерттеулер.

«Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ кредит беруші мен зайымшының арасында болатын қатынастардағы ашықтықты қамтамасыз етуге ұмтылады. МКБ аталмыш тапсырманы орындау үшін ақпарат жеткізушінің қатысуымен кредиттік тарих жөніндегі ақпаратты жинап, аталмыш ақпаратты кредиттік есеп алушыларға береді.

Кредиттік бюро жұмысының қағидаттары Қазақстан Республикасының Президенті 2004 жылы 6 шілдеде қол қойған «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының №573-ІІ Заңында реттеледі.
Мүмкін бұл сізді қызықтырады

Дербес кредиттік есеп дегеніміз не?

Кредиттік есеп бұл – заңды немесе жеке тұлғаның қазіргі немесе аяқталған міндеттемелері туралы ақпаратты құрайтын, сондай-ақ олардың өз міндеттемелерін орындағанын көрсететін құжат.

Дербес кредиттік есепті қалай алуға болады?

Қазіргі уақытта дербес кредиттік есепті алудың 2 тәсілі бар: 1)Дербес кредиттік есепті МКБ-ның кеңсесінде алу; 2)Дербес кредиттік есепті почта арқылы алу.

Дербес кредиттік есепті неше рет алуға болады?

«Кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі № 573-ІІ Заңына сәйкес, Сіз бір күнтізбелік жылда бір дербес кредиттік есепті тегін алуға құқылысыз.