Компания туралы
Субъектілер
Кредиттік есептерді алушыларға
Ақпарат жеткізушілерге
Байланыстар
Сатып алулар

Жеке тұлғалар

КБ туралы Заңға сәйкес, Сіз өзіңіздің дербес кредиттік есебіңізді бір күнтізбелік жылда бір рет тегін алуға құқылысыз. Сіз өзіңіздің кредиттік есебіңізді ақылы түрде шектеусіз бірнеше рет ала аласыз.

Қазіргі уақытта дербес кредиттік есепті алудың 2 тәсілі бар:

1) Дербес кредиттік есепті МКБ-ның кеңсесінде алу:
Дербес кредиттік есепті кеңседе алу үшін Сіз не болмаса Сіз берген, нотариалды куәландырылған сенімхаттың негізінде әрекет ететін тұлға (бұдан әрі – Сенімді өкіл) дербес кредиттік есеп алуға берілетін өтінішті, тиісті құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін беруі қажет. Кредиттік бюро дербес кредиттік есепті алуға берілген өтінішті қабылдаған күннен бастап дербес кредиттік есеп бір тәулік ішінде беріледі. Дербес кредиттік есеп жеке Өзіңізге не болмаса жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасын көрсеткен кезде ғана Сенімді өкіліңізге берілетін болады. Кредиттік бюро дербес кредиттік есепті алуға берілген өтінішті қабылдаған күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде дербес кредиттік есепті алып кетпеген жағдайда, ақпараттың құпиялығын сақтау мақсатында 15-жұмыс күні Сіздің дербес кредиттік есебіңіз жойылатын болады.

2) Дербес кредиттік есепті почта арқылы алу:
Дербес кредиттік есепті почта арқылы алу үшін Сіз не болмаса Сіз берген, нотариалды куәландырылған сенімхаттың негізінде әрекет ететін тұлға (бұдан әрі – Сенімді өкіл) дербес кредиттік есепті алуға берілген өтінішті тиісті құжаттардың көшірмелерімен бірге «Қазпочта» АҚ немесе почталық байланыс қызметтерін көрсететін басқа да ұйымдар арқылы кредиттік бюроға жіберуі қажет. Почта арқылы жіберілген өтініш нотариалды куәландырылуы (қолдың түпнұсқасы куәландырылады) және Сіз не болмаса Сенімді өкіліңіз қол қоюы тиіс. Сіздің жеке өзіңіз не болмаса жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсеткен кезде Сенімді өкіліңіз дербес кредиттік есепті кейін алуы үшін, дербес кредиттік есеп өтініште Өзіңіз көрсеткен почтамттың индексіне «Талап етілгенге дейін» жіберілетін болады.
Кұжаттар тізбесі
Кредиттік тарих субъектісінің жадынамасы
Мүмкін бұл сізді қызықтырады

Дербес кредиттік есеп дегеніміз не?

Кредиттік есеп бұл – заңды немесе жеке тұлғаның қазіргі немесе аяқталған міндеттемелері туралы ақпаратты құрайтын, сондай-ақ олардың өз міндеттемелерін орындағанын көрсететін құжат.

Дербес кредиттік есепті қалай алуға болады?

Қазіргі уақытта дербес кредиттік есепті алудың 2 тәсілі бар: 1)Дербес кредиттік есепті МКБ-ның кеңсесінде алу; 2)Дербес кредиттік есепті почта арқылы алу.

Дербес кредиттік есепті неше рет алуға болады?

«Кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі № 573-ІІ Заңына сәйкес, Сіз бір күнтізбелік жылда бір дербес кредиттік есепті тегін алуға құқылысыз.