Компания туралы
Субъектілер
Кредиттік есептерді алушыларға
Ақпарат жеткізушілерге
Байланыстар
Сатып алулар

Ақпаратты даулау

Кредиттік тарихты тексеру кезінде түрлі қателер мен дәлсіздіктер анықталатын жағдайлар жиі кездеседі. Кредиттік тарихты түбегейлі тексеру Сізге кез келген қателер мен дәлсіздіктерді анықтауға көмектеседі. 

Сондықтан егер Сіз өз кредиттік тарихыңызда шындыққа жанаспайтын кез келген ақпарат тапқан болсаңыз, Сіз оның түзетілуін талап етуге құқылысыз. Бұл жерде кредиттік тарихты түзету – шындыққа жанаспайтын ақпаратты расталған ақпаратқа өзгерту үдерісі екенін түсіну өте маңызды. Егер даулау кезінде Қарызгер мен банктің/кредиттік ұйымның пікірлері бір жерден шықпаса,  Сіз расталған ақпаратты кредиттік тарихыңызға енгізуді сот арқылы талап етуге құқылысыз. 

Егер Сіз дербес кредиттік есепте көрсетілген ақпаратпен келіспеген жағдайда, не істеуіңіз қажет?

Егер Сіз дербес кредиттік есепте көрсетілген қандай да бір ақпаратпен келіспеген жағдайда, Сіз оны әрдайым даулай аласыз. Қалайша? Сіз тікелей ақпарат жеткізушіге, яғни дербес кредиттік есепте көрсетілген деректерді ұсынған кредиторға бара аласыз, не болмаса кредиттік бюроға дербес кредиттік септегі ақпаратты даулау туралы өтініш бере аласыз. Қазіргі уақытта дербес кредиттік есептегі ақпаратты даулау туралы өтінішті берудің 2 тәсілі бар: кредиттік бюро кеңсесінде және пошта бойынша.

Өтінішті кредиттік бюро кеңсесінде беру үшін, Сізге не болмаса Сіз берген нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде әрекет етуші тұлғаға (бұдан әрі – Сенімді тұлға) дербес кредиттік есептегі ақпаратты даулау туралы өтінішті, дербес кредиттік есептегі ақпараттың күмәндылығын растайтын құжаттардың көшірмелерімен  (төлем түбіртектері, чектер, анықтамалар және т.б.) ұсыну қажет. Даулау туралы өтініш тек дербес кредиттік есепті алғаннан кейін ғана беріледі. 

Өтінішті пошта арқылы беру үшін, Сізге не болмаса Сіз берген нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде әрекет етуші тұлғаға (бұдан әрі – Сенімді тұлға) дербес кредиттік есептегі ақпаратты даулау туралы өтінішті, дербес кредиттік есептегі ақпараттың күмәндылығын растайтын құжаттардың көшірмелерімен  (төлем түбіртектері, чектер, анықтамалар және т.б.) «Қазпошта» АҚ немесе пошта байланыс қызметтерін көрсететін басқа ұйымдар арқылы кредиттік бюроға жіберу қажет. Даулау туралы өтініш тек дербес кредиттік есепті алғаннан кейін ғана беріледі. 

 

Факс немесе электрондық пошта арқылы жіберілген ақпаратты даулау туралы өтініш, аталған тәсілмен жіберілген басқа да құжаттар қабылданбайды.

Сіз дербес кредиттік есептегі ақпаратты даулаған жағдайда, кредиттік бюро қандай әрекеттерді жүзеге асырады?

Ақпаратты даулау туралы өтінішіңізді қабылдағаннан кейін кредиттік бюро 15 жұмыс күні ішінде ресми тәртіпте жағдайды анықтау үшін Сіз даулап отқан деректерді ұсынған ақпарат жеткізушіге сұрау салады. Егер ақпарат жеткізуші расында қате деректер берген жағдайда, онда ақпарат жеткізуші 10 жұмыс күні ішінде кредиттік бюроға шындыққа сәйкес келетін ақпаратты ұсынуы тиіс. Осыдан кейін Сізге не болмаса жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасын ұсынумен Сенімді тұлғаға «талап етілмелі» поштасы бойынша түзетілген дербес кредиттік есеп ұсынылады/жіберіледі. 

Егер ақпарат жеткізушінің кредиттік бюроға берген деректерінің шынайылығы расталса, онда Сізге не болмаса Сенімді тұлғаға тиісті хат жіберіледі. 

Неге кредиттік бюро жеткізуші ұсынған ақпараттың растығын тексермейді?

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі №573 «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Заңына сәйкес кредиттік бюроның деректер базасына ұсынылған ақпараттың растылығы үшін жауапкершілік ақпарат жеткізушісіне, яғни банкке/кредиттік ұйымға жүктеледі. Сіздің деректеріңіз бойынша берілген ақпараттың растылығын кредиттік бюрода дербес кредиттік есепті ала отырып, Сіз ғана тексере аласыз.

 
Дербес кредиттік есептегі ақпаратты даулау туралы өтініш 

Аталған қосымша бетте Жеке тұлғалар бойынша сипаттама бар.

Мүмкін бұл сізді қызықтырады

Дербес кредиттік есеп дегеніміз не?

Кредиттік есеп бұл – заңды немесе жеке тұлғаның қазіргі немесе аяқталған міндеттемелері туралы ақпаратты құрайтын, сондай-ақ олардың өз міндеттемелерін орындағанын көрсететін құжат.

Дербес кредиттік есепті қалай алуға болады?

Қазіргі уақытта дербес кредиттік есепті алудың 2 тәсілі бар: 1)Дербес кредиттік есепті МКБ-ның кеңсесінде алу; 2)Дербес кредиттік есепті почта арқылы алу.

Дербес кредиттік есепті неше рет алуға болады?

«Кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі № 573-ІІ Заңына сәйкес, Сіз бір күнтізбелік жылда бір дербес кредиттік есепті тегін алуға құқылысыз.