Компания туралы
Субъектілер
Кредиттік есептерді алушыларға
Ақпарат жеткізушілерге
Байланыстар
Сатып алулар

Дербес несие есеп

Дербес кредиттік есеп — кредиттік тарих субъектісінің (жеке тұлғаның) жеке пайдалануы үшін арналған және оны кредиттік ұйымдарға беру үшін арналмаған.

 Дербес кредиттік есеп келесі ақпараттан тұрады:
• Жеке деректер, тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, мекенжай деректері және Сіздің құжаттарыңыздың (жеке куәлік, төлқұжат) сәйкестендіру нөмірлері, білімі туралы ақпарат, қызмет саласы, отбасылық жағдайы және басқалары;
• Сіздің қарыз шарттарыңыз туралы жалпы ақпарат — қолданыстағы және өтелген банктік және басқа да қарыз шарттарының саны, қарыз валютасы, жалпы өтелмеген сома, мерзімі өткен жарналардың жалпы сомасы және осы шарттар бойынша сіздің атқаратын рөліңіз (қарызгер/ортақ қарызгер/кепіл беруші/кепілгер және басқасы);
• Қолданыстағы қарыз шарттарыңыз туралы түбегейлі ақпарат — кредит алу үшін өтінім күні, шарттың әрекет ету мерзімінің басталу және аяқталу күні, шарттың нөмірі, шарттың жіктелуі, кредиттің жалпы сомасы, қаржыландыру түрі (кредит), кредиттің мақсаты, қамтамасыз етудің түрі және құны, өтелмеген сома, мерзімі өткен жарналардың сомасы, ақпараттың көзі, байланысты субъектілер және т.б.;
• Аяқталған қарыз шарттарыңыз туралы түбегейлі ақпарат — «Қолданыстағы шарттар туралы түбегейлі ақпарат» блогына ұқсас жеке тұлғаның өтелген міндеттемелері бойынша ақпарат; Өзіңіз бойынша кредиттік есеп алуға жүргізілген сұратулардың саны — кредиттік есепті алушының атауын көрсететін ақпарат, кредиттік есептің түрі және кредиттік есепті алу күні.

Мүмкін бұл сізді қызықтырады

Дербес кредиттік есеп дегеніміз не?

Кредиттік есеп бұл – заңды немесе жеке тұлғаның қазіргі немесе аяқталған міндеттемелері туралы ақпаратты құрайтын, сондай-ақ олардың өз міндеттемелерін орындағанын көрсететін құжат.

Дербес кредиттік есепті қалай алуға болады?

Қазіргі уақытта дербес кредиттік есепті алудың 2 тәсілі бар: 1)Дербес кредиттік есепті МКБ-ның кеңсесінде алу; 2)Дербес кредиттік есепті почта арқылы алу.

Дербес кредиттік есепті неше рет алуға болады?

«Кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі № 573-ІІ Заңына сәйкес, Сіз бір күнтізбелік жылда бір дербес кредиттік есепті тегін алуға құқылысыз.