Компания туралы
Субъектілер
Кредиттік есептерді алушыларға
Ақпарат жеткізушілерге
Байланыстар
Сатып алулар

Заңды тұлғалар

КБ туралы Заңға сәйкес, Сіз өзіңіздің корпоративтік кредиттік есебіңізді бір күнтізбелік жылда бір рет тегін алуға құқылысыз. Сіз өзіңіздің кредиттік есебіңізді ақылы түрде шектеусіз бірнеше рет ала аласыз.

  Қазіргі уақытта корпоративтік кредиттік есепті алудың 2 тәсілі бар:

1) Корпоративтік кредиттік есепті “Мемлекеттік кредиттік бюро” АҚ кеңсесінде алу
Корпоративтік кредиттік есепті МКБ кеңсесінде алу үшін, компанияның бірінші басшысы не болмаса тиісінше ресімделген сенімхаттың негізінде әрекет ететін өзге де уәкілетті тұлға (бұдан әрі – Сенімді өкіл) Корпоративтік кредиттік есепті алуға берілетін өтінішті, тиісті құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін (Құжаттардың тізбесін қараңыз) беруі қажет. Корпоративтік кредиттік есепті алуға жазып-толтырылған өтініш компанияның бірінші басшысының жеке қолымен және компания мөрінің баспа- таңбасымен не болмаса Сенімді өкілдің жеке қолымен расталуы тиіс. Кредиттік бюро корпоративтік кредиттік есепті алуға берілген өтінішті алған күннен бастап корпоративтік кредиттік есеп бір тәулік ішінде беріледі. Корпоративтік кредиттік есеп компанияның бірінші басшысына не болмаса жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсеткен кезде ғана Сенімді өкілге берілетін болады. Кредиттік бюро корпоративтік кредиттік есепті алуға берілген өтінішті қабылдаған күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде корпоративтік кредиттік есепті алып кетпеген жағдайда, ақпараттың құпиялығын сақтау мақсатында 15-жұмыс күні корпоративтік кредиттік есеп жойылатын болады.

2) Корпоративтік кредиттік есепті почта арқылы алу
Корпоративтік кредиттік есепті почта арқылы алу үшін, компанияның бірінші басшысы не болмаса тиісінше ресімделген сенімхаттың негізінде әрекет ететін өзге де уәкілетті тұлға (бұдан әрі – Сенімді өкіл) корпоративтік кредиттік есепті алуға берілген өтінішті тиісті құжаттардың көшірмелерімен (Құжаттардың тізбесін қараңыз) бірге «Казпочта» АҚ немесе почталық байланыс қызметтерін көрсететін басқа да ұйымдар арқылы кредиттік бюроға жіберуі қажет. Корпоративтік кредиттік есепті алуға жазып- толтырылған өтініш компанияның бірінші басшысының жеке қолымен және компания мөрінің баспа-таңбасымен не болмаса Сенімді өкілдің жеке қолымен расталуы тиіс. Корпоративтік кредиттік есепті компанияның бірінші басшысы не болмаса жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсеткен кезде ғана Сенімді өкіл кейін алуы үшін корпоративтік кредиттік есеп почтамттың өтініште көрсетілген индексіне почта арқылы «Сұрап алғанға дейін» жіберілетін болады. Кредиттік бюро корпоративтік кредиттік есепті алуға берілген өтінішті қабылдаған күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде корпоративтік кредиттік есепті алып кетпеген жағдайда, ақпараттың құпиялығын сақтау мақсатында 15-жұмыс күні корпоративтік кредиттік есеп жойылуға тиісті болады.
Мүмкін бұл сізді қызықтырады

Дербес кредиттік есеп дегеніміз не?

Кредиттік есеп бұл – заңды немесе жеке тұлғаның қазіргі немесе аяқталған міндеттемелері туралы ақпаратты құрайтын, сондай-ақ олардың өз міндеттемелерін орындағанын көрсететін құжат.

Дербес кредиттік есепті қалай алуға болады?

Қазіргі уақытта дербес кредиттік есепті алудың 2 тәсілі бар: 1)Дербес кредиттік есепті МКБ-ның кеңсесінде алу; 2)Дербес кредиттік есепті почта арқылы алу.

Дербес кредиттік есепті неше рет алуға болады?

«Кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі № 573-ІІ Заңына сәйкес, Сіз бір күнтізбелік жылда бір дербес кредиттік есепті тегін алуға құқылысыз.